Қазақстандық балуан Досжан Қартықов (грек-рим күресі) Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль иеленді.
75 килограмм салмақ дәрежесінде күрескен Қартықов алдымен украиналық Дмитрий Пышковты (4:2), молдовалық Игор Бисляганы (6:0), олимпиада және әлем чемпионы оңтүстіккореялық Хен Ву Кимды (4:2) жеңді. Ал ширек финалда Лондон олимпиадасының чемпионы ресейлік Роман Власовтан жеңілді.
Ол қола медальға таласта 2014 жылғы әлем чемпионы армениялық Арсен Джулфалакяннан (5:2), әзербайжандық Эльвин Мурсалимовтан (1:0) басым түсті.
Қартықов қола медальмен бірге 2016 жылғы олимпиада ойындарына жолдама да алды.
Әлем чемпионаты 12 қыркүйекте аяқталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан жиырмадан астам балуан қатысып жатыр.