Accessibility links

Беларуське оралған саяси эмигрант ұсталды


Беларусь саяси эмигранты Алесь Михалевич Литва темір жол вокзалында. 8 қыркүйек 2015 жыл.
Беларусь саяси эмигранты Алесь Михалевич Литва темір жол вокзалында. 8 қыркүйек 2015 жыл.

Беларусьтің Литвамен шекарасында бұрынғы Беларусь президенттігіне кандидат, саяси эмигрант Алесь Михалевич ұсталды.

Қуғынға ұшырап, Чехияда тұрған Михалевич бүгін Азаттыққа телефон арқылы беларусь шекарашылары өзін 8 қыркүйек күні, Вильнюс-Минск пойызымен шекарадан өткенде ұстағанын хабарлады. Ол Беларуське отбасымен бірге тұру ниетімен оралмақ болғанын және "елге оралатын уақыт келгенін" айтты.

Михалевич 2010 жылғы президент сайлауында кандидат болып, сайлаудан кейін "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен ұсталған. 2011 жылы қамаудан босап шыққан соң ол абақтыда өзін мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) қызметкерлері азаптағанын және өзінің арнайы қызметпен жұмыс істегісі келмейтінін мәлімдеген.

Бұдан соң Михалевич Чехияға кетіп қалып, ол елден саяси баспана алған. Ал оның отбасы - әйелі мен екі қызы Беларусьте қалып қойған.

Беларусь прокуратурасы Михалевичке кейін халықаралық іздеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG