Accessibility links

Атырауда ҮЕҰ жетекшісі наразылық танытты


"Демос" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тоғжан Қизатова облыстық әділет департаменті алдында баспасөз жиынын өткізіп тұр. Атырау, 8 кыркүйек 2015 жыл.

Қыркүйектің 8­-і күні Атыраудағы «Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тоғжан Қизатова әділет департаменті мен облыстық прокуратура алдында баспасөз мәслихатын өткізді.

Ол қолына «Әкімнің жиені Тұрғарин рейдерлікті қолдайды», «Прокуратура рейдерлікті қолдайды», «Заңсыздық тоқтатылсын» деген жазулары бар плакат ұстап шықты.

Қизатова жиында Атырау облыстық әділет басқармасын «Каспиан Салфа Компани» мекемесінің 100 пайыз үлесін заңсыз иеленген компанияны тіркеуден өткізді" деп айыптады. Белсенді "әділет департаментінің басшысы Сағынбай Тұрғарин бұл істі әкімнің туысы болғандықтан жасап отыр" деп, облыстық прокуратураны өздері ұсынған қылмыстық фактілерді "тексермей отыр" деп мәлімдеді.

Әділет департаментінің басшысы Сағынбай Тұрғарин Азаттыққа өзінің облыс әкіміне туыстығын теріске шығарды. Оның сөзінше, компания барлық заңдарға сәйкес тіркелген. Ал Атырау облысы прокурорының көмекшісі Темірбек Дәржанов рейдерлік басып алу туралы арызды тексеруге кірісетінін айтты.

«Каспиан Салфа Компани» компаниясының құрылтайшысы Сапарбек Отаров рейдерлік деген айыптаумен келіспейтінін айтты.

- Біздің әрекетіміз заңды, барлық құжаттарымыз бар, оны кез-келген органға көрсете аламын, -­ деді ол Азаттық тілшісіне.

  • 16x9 Image

    Сәния ТОЙКЕН

    Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

    Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

XS
SM
MD
LG