Accessibility links

Бес облыста әскер дайындығын тексереді


Қапшағай қаласына жақын әскери оқу орталығында қалқымалы көпірден өтіп жатқан әскери техникалар. 8 қыркүйек 2015 жыл.
Қапшағай қаласына жақын әскери оқу орталығында қалқымалы көпірден өтіп жатқан әскери техникалар. 8 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгін Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы қарулы күштердің әскери дайындығын шұғыл тексеру басталды. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кенеттен тексеру кезінде 10 мыңға тарта әскери қызметкер мен екі мыңға тарта әскери техника тексеріледі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша басталған тексеру келесі аптаның басына дейін созылады деп жоспарланған. Тексеру барысында "формалды түрде жасақталған заңсыз қарулы топ бұғауланып, көзі жойылады".

Бұған дейін әскери бөлімшелердің дайындығы шілде айында тексерілген.

Қорғаныс министрлігі әскери дайындықты тексеру "геосаяси маңызды өзгерістер жүріп жатқандықтан" және "мемлекеттік құрылымды бұзғысы келетін экстремистік, террорлық және сепаратистік ұйымдардың белсенділігі артқандықтан" өзекті болып отыр дейді.

XS
SM
MD
LG