Алматының Бостандық аудандық сотының "діни араздықты өршітті және "Таблиғи Жамағат" діни ұйымына мүше болды" деген айыппен сотталған Сәкен Тулбаевқа шығарған үкімі өзгеріссіз қалды. Бұл жайлы Азаттыққа Тулбаевтың адвокаты Айман Омарова хабарлады.
Шілде айында Бостандық соты Алматы тұрғыны Тулбаевты төрт жыл сегіз айға соттаған. Тулбаев өзіне тағылған айыпты мойындамай, сот үкіміне шағымданатынын мәлімдеген.
Тулбаевтың шағымын Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы 7 қыркүйекте қараған. Сот қаулысы 10 күн ішінде жарияланбақ.
Бұған дейін айыбын мойындамаған Тулбаев тергеушілер "пәтерінен табылды" деген үнпарақтарды арандатушылық деп атаған.
Қазақстанда "Таблиғи Жамағат" діни ұйым қызметіне тыйым салынған.