Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов кеше кешкісін "қызметін асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталған. Бұл ақпаратты Азаттыққа Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ахметжановтың ұсталғаны туралы хабарлама Қостанайдың 2-сотына бүгін келіп түскен. Сот бұрынғы әкімге бұлтартпау шарасын қолдануға қатысты шешімді ертең, 10 қыркүйекте шығармақ.
Ахметбек Ахметжанов Қостанай қаласы әкімі қызметіне 2014 жылы тағайындалған. Ал кеше, 8-қыркүйекте "өз еркімен қызметінен" кеткені туралы хабарланған.
Бұған дейін қала әкімінің екі орынбасары - Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян "пара алған" деген күдікпен қамауға алынған.