Accessibility links

Еурокомиссия мигрант мәселесін шешу жоспарын ұсынады


Дюссельдорф теміржол станциясына келіп жатқан босқындар. Германия, 8 қыркүйек 2015 жыл.
Дюссельдорф теміржол станциясына келіп жатқан босқындар. Германия, 8 қыркүйек 2015 жыл.

Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер бүгін Еуропадағы мигранттар дағдарысын реттеу жоспарын ұсынады. Бұған дейін Грекия, Венгрия және Италия территориясына келген 120 мыңға тарта босқынды Еуропа Одағының басқа да елдеріне бөлу туралы ұсыныс болған.

Жоспар бойынша, мигранттар квотасын елдің жалпы ішкі өнім көлеміне, халық санына, елдегі жұмыссыздық деңгейіне және босқын мәртебесін беру туралы түскен өтініш санына қарай бөлу қарастырылған.

Құрамында 28 мемлекет бар Еуропа Одағы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі тарихында мұншалықты босқын қабылдап көрмеген. БҰҰ-ның есебінше, биыл Еуропадан пана іздеген 380 мыңға таяу адам Жерорта теңізін кесіп өтеді. Олардың көпшілігі Еуропаға Таяу Шығыс пен Африканың қақтығыс болып жатқан және экономикалық қиындыққа тап болған аймақтарынан шыққандар.

XS
SM
MD
LG