Accessibility links

Ұлттық банк теңге депозитіне өтемақы төлемек


Қазақстан ұлттық банкінің бас кеңсесі, Алматы. (Көрнекі сурет)
Қазақстан ұлттық банкінің бас кеңсесі, Алматы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ұлттық банкі коммерциялық банктердегі салым иелеріне теңге бағамының өзгеруіне байланысты өтемақы төлеу тәртібін жасағанын хабарлады. Астанада ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметовтің айтуынша, теңгемен депозит ашқан азаматтарға 2015 жылдың 1 қазанына дейін өтемақы алу туралы өтініш білдіруге уақыт беріледі. Қожахметов өтініш беру мерзімі ұзартылуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Оның сөзінше, өтемақы 2016 жылы төленеді.

Ұлттық банк басшылығының ұйғарымынша, өтемақыны депозитіндегі ақшасы бір миллион теңгеден аспайтын клиенттер ғана ала алады. Ереже бойынша, депозиттегі ақша банкте кемінде бір жыл сақталған болуы тиіс.

Ұлттық банк ақпаратына қарағанда, валюта бағамының айырмасы үшін өтемақы 2015 жылдың 18 тамызына дейін коммерциялық банктерде депозитінде бір миллион теңгеге дейін қаржысы болған екі миллионға жуық салымшыға төленеді.

20 тамызда үкімет теңге бағамын еркін айналымға жіберген соң президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлғалардың депозиттеріне өтемақы төлеуді ұсынған.

XS
SM
MD
LG