Accessibility links

Дағыстанда тағы бір имамды өлтіріп кетті


Дағыстандағы мешіттердің бірі. (Көрнекі сурет)
Дағыстандағы мешіттердің бірі. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Дағыстан республикасында бүгін таңертең бетперде киген қарулы екі адам жергілікті имам Магомед Хидировты өлтіріп кетті. Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, 34 жастағы имамды Дағыстанның Шешенстанмен шектесетін Новый Куруш ауылында мешітке кетіп бара жатқанда өлтіріп кеткен.

Ресейде бұдан үш апта бұрын Ставрополь өлкесінде тағы бір имам, танымал дін өкілі Замирбек Махмутовты өлтіріп кеткен.

Ресейде орталық діни басқарма тағайындайтын имамдар әдетте үкімет саясатын қолдап, қалыпты исламды уағыздайды. Ресейде Солтүстік Кавказ аймағында "ислам мемлекетін" орнатуды көздейтін исламшыл радикалды топтар имамдарға жиі шабуыл жасайды.

XS
SM
MD
LG