Accessibility links

Ресей ұшағының Сирияға ұшуына екі ел рұқсат еткен


Сирияның Латакия қаласындағы Ресей ұшағы. (Көрнекі сурет)
Сирияның Латакия қаласындағы Ресей ұшағы. (Көрнекі сурет)

Грекия мен Иран өз территориясы арқылы Ресей әскери жүк ұшақтарының Сирияға қарай ұшуына рұқсат еткені хабарлана бастады. "Интерфакс" агенттігінің Ресейдің Тегерандағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Мәскеудің Сирияға "гуманитарлық көмек" жөнелтетін ұшақтарына өз аумағынан ұшуына рұқсат ету туралы өтінішін мақұлдаған.

Ал Ресейдің Афиныдағы елшілігі ТАСС агенттігіне Грекия Ресейге Сирияға "гуманитарлық жүк жеткізу үшін" әуе кеңістігін пайдалануына рұқсат еткенін айтқан.

Грекия осы аптада АҚШ-тың Ресей әскери ұшақтарының Сирияға әскери жүк жеткізу үшін Грекия территориясы арқылы ұшырмауын сұрағанын мәлімдеген еді.

Соңғы аптада кейбір ақпарат құралдары мен дерек көздері Ресей Сирия президенті Башар Асад билігіне әскери қолдауын күшейтті деген ақпараттар таратқан. АҚШ Мәскеудің бұл әрекеті Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы әуе шабуылдарына қайшы келеді деп ескерткен.

Болгария сыртқы істер министрі Даниэль Митов 9 қыркүйекте Мәскеу егер Болгария әуежайларында ұшақтарындағы жүкті тексеруге келіссе София әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат етуі мүмкін екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG