Accessibility links

Еуропа комиссиясы Ресейге ескерту жасады


Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер. Страсбург, 9 қыркүйек 2015 жыл.
Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер. Страсбург, 9 қыркүйек 2015 жыл.

Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер бүгін Ресейге Еуропа Одағы елдерінің қауіпсіздігі мен шекарасына "қол сұғуға болмайтынын" ескертті.

"Мен Мәскеудің мұны жақсы ұғып алғанын қалаймын. Балтық бойы елдері мен Польша - Еуропа Одағы үшін ең маңызды мүше елдер. Бұл мемлекеттер егер шекарасы мен қауіпсіздігіне қандай да бір қауіп төнсе бізді көмек көрсете алмайды деп ойлап қалмасын" деді Юнкер Страсбургте Еуропа парламентінде сөйлеген сөзінде.

Украина шығысындағы соғыс Мәскеу мен Батыс елдері арасының қарым-қатынасын қырғи-қабақ соғыс кезеңінен бері болмаған деңгейде нашарлатып жіберген.

Ресейдің Украина шығысындағы сепаратистерді қолдауы, Қырымды аннексиялап алуы Польша, Латвия, Литва және Эстония сияқты елдерді "Мәскеу қырғи-қабақ соғысы кезіндегі үстемдігін қайта орнатуға ұмтылады" деп алаңдата бастаған.

XS
SM
MD
LG