Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова US Open жарысының жұптық сынының жартылай финалға шықты.
Ол жұптық сында австралиялық Кэйси Деллаквамен бірге ресейлік Алла Кудрявцева мен Анастасия Павлюченкованы 6:2, 2:6, 6:3 есебімен жеңді.
Енді Шведова - Деллаква жұбы жартылай финалда Коко Вандевеге (АҚШ) - Анна-Лена Гренефельд жұбымен (Германия) ойнайды.
Grand Slam жарыстары қатарына енетін US Open жарысы 12 қыркүйекте аяқталады.