Accessibility links

Алматыдан 890 километрде жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 890 километр қашықтықта 5,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Орталық мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері Астана уақытымен таңғы сағат 3:03 кезінде тіркелген. Оның ошағы Ауғанстан аумағында, 590 километрге дейінгі тереңдікте болған.

Алматы облысы аумағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG