Accessibility links

АҚШ-та Немцовты "Азаттық" сыйлығымен марапаттады


Ресейдің оппозицияшыл саясаткері Борис Немцов.
Ресейдің оппозицияшыл саясаткері Борис Немцов.

Ресейдің оппозицияшыл саясаткері, ақпан айында қастандықтан өлген Борис Немцов АҚШ-тың 2015 жылғы "Азаттық" сыйлығымен марапатталды. Бұл жайында Twitter-де жыл сайын осы сыйлықты табыстайтын Халықаралық республика институты хабарлады.

Немцовқа сыйлық "Ресейде Владимир Путин тұсында демократия, адам құқығы мен заңның үстемдігіне өмірін арнағаны үшін" берілген.

Сыйлық 9 қыркүйекте Вашингтонда тапсырылған. Немцовтың атынан сыйлық оның досы, ПАРНАС партиясы төрағасының орынбасары кіші Владимир Кара-Мурзаға тапсырылған. Сыйлықты алып тұрып Кара-Мурза Немцовтың "өз ұстанымдары мен достарын ешқашан сатпағанын және өз мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары қоймағанын" айтты.

Биыл бұл сыйлыққа Немцовтан өзге АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері, республикашыл Джон Бейнер мен Судан меценаты Мо Ибрагим ие болған. Бұған дейін сыйлық АҚШ президенті Рональд Рейгенға, Бирма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжиге, совет диссиденті Натан Щаранскийге, Рим Папасы Иоанн екіншіге тапсырылған.

XS
SM
MD
LG