Accessibility links

ОАР-да көне адамның сүйегі табылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ғалымдар Оңтүстік Африкадағы үңгірлердің бірінен қазіргі адамға ұқсас ежелгі адамның сүйегін тапқанын хабарлады.

Йоханнесбургтегі Витватерсранд университетінің ғалымдары тапқан Homo naledi деп аталатын адам түрі қазіргі адамға (Homo Sapiens) ұқсайды. Бұл типтегі адам тік жүретін адам (Homo erectus) мен Homo Sapiens-тің арасындағы түр болуы мүмкін.

Табылған адам қалдықтарын зерттеген ғалымдар оның бас сүйегінің көлемі 4-2 миллион жыл бұрын өмір сүрген алғашқы адамның бас сүйегі көлемімен бірдей екенін анықтаған. Homo naledi адамының аяғы мен иығы қазіргі адамға ұқсас.

Ғалымдар Homo naledi адамы сүйегінің үңгірге қайдан келгенін, ол сүйекке қанша жыл болғанын нақты айта алмайды. Бірақ олар "бұл археологиялық жаңалық адамның шығу тегін зерттеуде жаңа жол ашуы мүмкін" дейді.

XS
SM
MD
LG