Accessibility links

Ауыр атлет Рүстем Сыбай - Азия чемпионы


Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай. (Сурет ауыр атлетика баспасөз қызметінен алынды).
Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай. (Сурет ауыр атлетика баспасөз қызметінен алынды).

Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында құрлық жеңімпазы атанды.

94 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Сыбай 383 килограмм (167+216) салмақты көтерді. Жұлқа көтеруде ол 210 килограмды көтере алмағанымен, 216 килограмды еркін еңсерді.

Екінші орынды оңтүстік кореялық Джунг Хен Сеоп, қоланы – ирандық Хашеми Али иеленді. Екеуі де 376 килограмм көтерген. Оңтүстік кореялық атлеттің салмағы аз болғандықтан оған күміс медаль берілді.

Таиландтағы Азия чемионатында бұған дейін Қазақстан атлеттері Айдар Казов пен Ермек Өміртай алтын медаль жеңіп алған.

XS
SM
MD
LG