Accessibility links

Қостанайдың экс-әкімі екі айға үйқамаққа алынды


Қостанай облысының аумақтық картасы.

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов екі айға үйқамаққа алынды. Қазақстандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, экс-әкімді үйқамақта ұстауға санкцияны 9 қыркүйекте Қостанайдың 2-қалалық сотының судьясы Ләззат Мұхамеджанова берген.

Ахметжанов «қызметтін асыра пайдаланған» және «заңды кәсіпкерлік әрекетке кедергі келтірген» деген күдікке ілінген.

Тергеу материалдарында Ахметжановтың «автокөлік құралдарына арналған халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысының тендерін алуға жәрдемдескені» және балабақша құрылысында «жеке бір компанияның мүддесін заңсыз қорғағаны» айтылған.

Ахметбек Ахметжанов Қостанай қаласы әкімі қызметіне 2014 жылы тағайындалған. Ал 8-қыркүйекте «өз еркімен» қызметтен кеткені туралы хабарланған. Ертесінде оны құқық органдары ұстағаны белгілі болған еді.

Бұған дейін, тамыздың басында, Қостанай қаласы әкімінің екі орынбасары – Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян «пара алған» деген күдікпен қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG