Accessibility links

АҚШ 11 қыркүйек құрбандарын еске алады


Дүниежүзілік сауда орталығы орнындағы террорлық шабуыл құрбандарына арналған мемориалға келген адамдар. Нью-Йорк, 12 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Дүниежүзілік сауда орталығы орнындағы террорлық шабуыл құрбандарына арналған мемориалға келген адамдар. Нью-Йорк, 12 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ-та осыдан тура 14 жыл бұрын террорлық шабуылдарда құрбан болғандарды еске алу шаралары өтеді.

2001 жылы 11 қыркүйекте төрт ұшақты басып алған терроршылар екі ұшақты Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимаратына, үшіншісін – Вирджиния штатындағы қорғаныс министрлігі кеңсесі – Пентагонға бағыттап, соққан. Төртінші ұшақ Пенсильвания штатына құлаған еді.

Терактіден қаза тапқан үш мыңға тарта адамды еске алу үшін АҚШ-та 11 қыркүйекте «Патриоттар күні» аталып өтеді. Шабуылдар құрбандарын еске алу күні барлық мемлекеттік органдарда тулар төмен түсіріледі.

АҚШ-та бүгін жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі 8 сағат 46 минутта бір минут үнсіздік орнайды.

АҚШ әділет министрлігі 10 қыркүйекте теракт құрбандарын еске алу мемориалында «жарылыс жасамақшы болған» деген күдікпен бір адамды тұтқындағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG