Бүгін Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 252,14 теңгені құрады.
Бейсенбі, 10 қыркүйекте биржадағы таңертеңгі сауда сессиясында доллар бағамы 253 теңге болып аяқталған. Ал кешкі сессияда бір доллар – 255,38 теңгені құраған.
Ақша айырбастау пунктерінде бейсенбіде бір АҚШ доллары 260 теңгеден сатылса, бүгін орташа есеппен 255 теңгеден сатылып жатыр.
Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді. Кейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 218,61 теңгеге дейін төмендеген.