Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысы әкімі етіп Архимед Мұхамбетовті тағайындады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай облысын бұған дейін Нұралы Сәдуақасов басқарған. Президент жарлығында Сәдуақасовтың қайда ауысқаны айтылмаған.
Архимед Мұхамбетов бұған дейін Ақтөбе қаласының, одан соң Ақтөбе облысының әкімі болған.