Accessibility links

Чехословакия диссиденті Радим Паулуш қайтыс болды


Бұрынғы Чехословакия диссиденті, философ Радим Паулуш.
Бұрынғы Чехословакия диссиденті, философ Радим Паулуш.

Бұрынғы Чехословакия диссиденті, философ Радим Паулуш 90 жасында қайтыс болды.

Паулуш 1950 жылдары және 1968 жылы Чехословакияға совет әскері басып кіргеннен кейін либералдық саяси көзқарастары үшін қудаланған.

Радим Паулуш адам құқығын қорғау туралы құжат - "Хартия 77"-ге қол қойғандардың бірі болған және Чехословакияда коммунистер билігі тұсында жасырын қолжазба басылымды (самиздат) басып шығаруға белсене қатысқан. Ол 1982-1983 жылдары "Хартия 77" қоғамдық қозғалысының баспасөз хатшысы болған.

Коммунистік режим құлағаннан кейін Радим Паулуш Прагада Карлов университетінің ректоры болған.

XS
SM
MD
LG