Accessibility links

Ресей мен Қырғызстанның кейбір тауарын кіргізу шектелді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстан Ресей мен Қырғызстанның кейбір азық-түлік өнімдерін республикаға кіргізуге және сатуға уақытша шектеу қойды. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің ресми сайтында хабарланды.

Комитеттің хабарлауынша, 8 қыркүйектен бастап Мәскеу облысында шығатын «Хохланд» кәсіпорнының ірімшіктерін, "Преображенский" кәсіпорнының ірімшігін, "Кампина" кәсіпорнының йогуртты сусындарын, Орлов облысында шығатын екі кәсіпорынның кейбір сүт өнімдерін, Мәскеу облысындағы "Микояновский мясокомбинат" кәсіпорнының шұжықтарын кіргізуге уақытша шектеу қойылған.

Бұған қоса Қырғызстанда шығатын "Крестьянское" маркалы сары майын кіргузу шектелген.

Комитет шектеуге биыл аталған тауарларға сегіз ай бойы жүргізілген "зертханалық тексерулер нәтижесі" себеп болғанын айтады. Тексеру кезінде тауарларда "микробиологиялық және ашытқы көрсеткіштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың әлденеше рет бұзылғаны" анықталған.

XS
SM
MD
LG