Accessibility links

Ереванда полиция ондаған адамды ұстаған


Полиция қызметкерлері наразылық акциясынан ұсталған адамды әкетіп барады. Ереван, 12 қыркүйек 2015 жыл.
Полиция қызметкерлері наразылық акциясынан ұсталған адамды әкетіп барады. Ереван, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Ереванның орталығында маршал Баграмян даңғылына шыққан шерушілерді бүгін таңертең полиция жолдан ығыстырды.

Электр қуаты бағасының қымбаттауына наразылық білдірген жүздеген адам жұма күні кешке маршал Баграмян даңғылына шығып, жолды жауып тастаған еді. Олар үкіметтен электр қуаты бағасын қымбаттату туралы шешімнің күшін жоюды талап еткен.

Полиция өкілдері манифестанттарға олардың шеруі мен алаңда отырып наразылық білдіруі заңға қайшы екенін ескерткен. Бірақ белсенділер акция бейбіт сипатта және Конституция аясында болғандықтан, полицияның наразыларға бөгет жасауына және күш қолдануына құқығы жоқ деп мәлімдеген.

Полиция белсенділерге Баграмян даңғылындағы көлік жолын ашуға уақыт беріп, егер айтқанға көнбесе, жауапкершілкке тартылатындары туралы ескерткен. Шамамен таңғы сағат 5:30 кезінде полиция қызметкерлері шерушілерді көлік өтетін жол бөлігінен ығыстырған. Алаңнан 48 адамды ұстап, полиция бөлімшесіне апарған. Олардың үстінен әкімшілік құқық бұзғандары туралы хаттама толтырған соң ұсталғандарды босатқан.

Ереванда 11 қыркүйекте өткен наразылық шеруінен видео:

Еревандағы наразылық
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00

XS
SM
MD
LG