Accessibility links

Шведова финалда жеңілді


Ярослава Шведова.
Ярослава Шведова.

Қазақстандық Ярослава Шведова мен австралиялық Кейси Деллаква US Open жарысының жұптық жарысының финалында жеңілді.

Олар финалда Саня Мирза (Үндістан) мен швейцариялық Мартина Хингис (Швейцария) жұбынан 3:6, 3:6 есебімен жеңілді.

Дегенмен, Шведова мен Деллаква US Open жарысының финалына шығуы арқылы жұптық WTA рейтингінде үшінші орынға шықты.

Шведова мен Деллаква биылғы маусымда Grand Slam жарыстарының финалына екінші рет шығып отыр. Осыған дейін Роллан Гаррос жарысының финалында олар чехиялық Люси Шафаржова және америкалық Бетани Маттек-Сандстан жеңілген.

XS
SM
MD
LG