Accessibility links

KASE: Доллар бағамы 273 теңгеден асты


Алматыдағы банктердің біріндегі теңге мен доллар бағамы. 14 қыркүйек 2015 жыл.
Алматыдағы банктердің біріндегі теңге мен доллар бағамы. 14 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңғы сауда бір АҚШ долларының бағамы 273 теңге 55 тиын болып, бұрын болмаған деңгейде қымбаттады.

11 қыркүйектегі 264 теңге 20 тиын болған еді.

Ал ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алу күні 279 теңгеден, сату құны 281 теңгеден асты.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді. Кейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 218,61 теңгеге дейін төмендеген.

XS
SM
MD
LG