Accessibility links

"Талибан" түрмеге шабуыл жасады


Ауғанстандағы түрмелердің бірі (Көрнекі сурет).
Ауғанстандағы түрмелердің бірі (Көрнекі сурет).

Бүгін "Талибан" ұйымының содырлары Ауғанстанның Газни қаласындағы түрмеге шабуыл жасап, полицейлерді өлтірген. Шабуыл кезінде талибтер түрмеде отырған жүздеген адамды босатқан.

Газни провинциясы губернаторының орынбасары Мұхаммад Али Ахмадидің айтуынша, шабуыл жасаушылардың бірі түрме қақпасы алдында өз-өзін жарып жіберген. Осыдан кейін "Талибан" содырлары түрмеге кірген.

Ахмади талибтер түрмеден 350 астам сотталған адамды босатқанын мәлімдеді. Ол шабуыл кезінде төрт полицей қаза тауып, жетеуі жарақат алғанын, талибтер жағынан жеті адам мерт болғанын хабарлады.

Ал Reuters агенттігі түрмедегі барлық қамауда отырғандар қашып кеткені туралы хабар таратты.

"Талибан" ұйымының өкілі Забибулла Муджахид түрмедегі шабуылға талибтардың қатысы бар екенін растады.

XS
SM
MD
LG