Accessibility links

"СНПС-Ақтөбемұнайгазға" айыппұл салынды


«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының Жаңажол кенішіндегі мұнай ұңғымасы. (Көрнекі сурет).
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының Жаңажол кенішіндегі мұнай ұңғымасы. (Көрнекі сурет).

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" мұнай компаниясына үш миллиард теңге көлемінде (қазіргі бағамы бойынша 11 миллион АҚШ доллары) айыппұл салынды деп хабарлайды Қазақстан бас прокуратурасы.

Бас прокуратураның ақпаратынша, айыппұл салуға тексеріс кезінде жер қыртысы мен оны пайдалану туралы заңның бұзылғаны себеп болған. Құзырлы орган компания "қазақстандық мамандарды оқытуға кететін шығынды төлеуге қатысты келісім-шарттарды орындамаған" дейді. Хабарламада "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының мемлекетке айыппұлды толық төлегені айтылады.

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" Жаңажол мұнайгаз конденсатында, Кеңқияқ мұнай кенішінде, Каспий ойпатының шығыс бөлігінде мұнай және газ өндірумен айналысады. 2014 жылы компания 5,68 миллион тонна мұнай өндірген. Қытайлық CNPC корпорациясы "Ақтөбемұнайгаз" акциясына бақылау пакетін 1997 жылы сатып алған соң компания "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" деп атала бастаған.

XS
SM
MD
LG