Accessibility links

Оралда бұрынғы депутатқа айып салынды


Мәншүк Мәметова атындағы алаңда болған жол-көлік оқиғасы. Орал, 26 шілде 2015 жыл.
Мәншүк Мәметова атындағы алаңда болған жол-көлік оқиғасы. Орал, 26 шілде 2015 жыл.

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, парламенттің бұрынғы депутаты Амангелді Таспиховке жол-көлік оқиғасына тап болғаны үшін 19 мың 820 теңге (шамамен 70 АҚШ доллары) айыппұл салынды деп хабарлады Азаттыққа Орал қалалық әкімшілік сотынан.

Жол-көлік оқиғасы 26 шілдеде Оралдың орталығында болған. Таспихов жүргізіп келе жатқан Volkswagen Passat көлігі Мәншү Мәметова көшесіне шығып кетіп, қоршауды, бордюрді бұзып өтіп, гүлзарды басып Мәншүк Мәметованың ескерткіші тұғырына шығып кеткен. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Депутат көлікті басқарып келе жатқанда қан қысымы артып кетіп, естен танып қалғандықтан жол-көлік оқиғасына ұрынғанын айтқан.

55 жастағы Таспихов 1998-2002 жылдары парламент сенатының депутаты, 2004-2007 жылдары мәжіліс депутаты болған.

XS
SM
MD
LG