Қазақстанда бүгін "Орталық-2015" деп аталатын командалық-штабтық жаттығуы басталды деп хабарлайды қорғаныс министрлігі. Жаттығу "Батыс" аймақтық қолбасшылығының "Оймаш" полигоны мен "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының "Шығыс полигонында өтіп жатыр.
Жаттығуға "Батыс" аймақтық қолбасшылығында ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және ұлттық гвардияның құрылымдары мен бөлімдері, ал "Шығыс" аймақтық қолбасшылығында 10810, 30217 және 44793 әскери бөлімдер қатысып жатыр.
Жаттығуда әскери бөлімдер шартты қарсыластың шабуылын тойтару міндетін орындайды.
Ал жалпы күштік құрылымдарға жаттығуда бірнеше тактикалық міндеттер, оның ішінде бөлімдер мен олардың басқару органдарын жоғары дайындық деңгейіне келтіру, әскерді қайта тоатау, арнайы әскери операция жүргізу міндеттеледі.
Жаттығу 20 қыркүйекке дейін созылмақ.