Accessibility links

Тәжікстан: Қарулы топтың тағы 3 мүшесі ұсталды


Ромит шатқалындағы қарулы топ мүшелерін ұстау кезінде жүрген әскерилер. Тәжікстан, 7 қыркүйек 2015 жыл.
Ромит шатқалындағы қарулы топ мүшелерін ұстау кезінде жүрген әскерилер. Тәжікстан, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Тәжікстанда бүгін бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың қарулы тобының тағы үш өкілі ұсталды деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік редакциясы. Тәжікстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үш адам Вахдат ауданының Ромит шатқалында арнайы операция кезінде ұсталған. Олардан Калашников автоматтары, тапаншалар мен оқ-дәрілер тәркіленген.

Күштік құрылымдар өкілдері қазір шатқалда арнайы операция жалғасып жатқанын айтады.

Қыркүйектің 4-і күні Тәжікстан қорғаныс министрлігінің орталық аппараты мен Душанбеден 20 шақырымдай жердегі Вахдат қаласында ішкі істер бөліміне жасалған қарулы шабуылдар салдарынан 9 милиция қызметкері мерт болған. Тәжікстан билігі бұл шабуылдарға Абдухалим Назарзоданы айыптап отыр. Шабуыл болған күні күні президент Эмомали Рахмон Назарзоданы қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатқан.

XS
SM
MD
LG