Accessibility links

"Адем" саудагерлері жаңа басшылықтан орын талап етті


Өртенген "Адем" сауда кешені. Алматы, 27 сәуір 2015

Сәуірде өртеніп кеткен «Адем-1» сауда үйінің сатушылары бүгін сауда үйінің әкімшілігі орналасқан «Адем -3» ғимаратының алдына жиналып, жаңа басшылықтан сауалдарына жауап беруін талап етті.

Сатушылардың айтуынша, осыдан екі күн бұрын «Адем» сауда орталығының акционерлері ауысқан.

Жиналғандар "Адем" сауда үйінің жаңа басшылығынан өртеніп кеткен "Адем-1" арендаторларымен жаңа келісім шартқа отыруды және тегін орын беруді, бұрынғы басшылықтың келісімшартында көрсетілген өтемақы мәселесін ары қарай шешуді, «Адем -1» сауда үйін салып біту мерзімі туралы ақпарат беруді талап етті.

"Адем" сауда орталығының жаңа қожайы болып Қазақстан мен Ресейдің біріккен «AILP group» компаниясы тағайындалған. Аталған компанияның техникалық директоры Жәнібек Байбосынов «Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге арнап бір қабатты«Адем-4» жабық сауда үйі салынып жатыр. Қазан айының соңына дейін пайдалануға береміз. Ол жердегі орындар алты айға дейін тегін беріледі. Ал өртенген "Адем-1" сауда үйіне қатысты тексеру жұмыстары әлі біткен жоқ» деді Азаттық тілшісіне.

2015 жылдың 26-сәуірінде Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан «Адем-1» сауда үйінен өрт шығып, ғимарат тұтастай жанып кеткен болатын.

XS
SM
MD
LG