Accessibility links

Пхеньян: Атом қаруы өндірісін қайта бастадық


Солтүстік Кореяның Йонбендегі ядролық кешені. (Көрнекі сурет).
Солтүстік Кореяның Йонбендегі ядролық кешені. (Көрнекі сурет).

Солтүстік Корея толық әскери даярлықта және кез-келген уақытта АҚШ-қа мықты тегеурін таныта алады деп хабарлады бүгін Солтүстік Корея атом энергиясы институтының директорына сілтеме жасаған мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Институт директорының сөзінше, елдің солтүстік-батысындағы Йонбен қаласында орналасқан бас ядролық кешеннің барлық атом құрал-жабдықтары, оның ішінде уран зауыты мен реактор штаттық режимде жұмыс істеуге "бейімделіп, жетілдірілген".

Кеше Пхеньян алыс қашықтыққа ұшатын зымыран ұшыратын "спутник" ұшыруға дайын екенін мәлімдеп, ескерту жасаған.

Пхеньян зымыранның қазан айында биліктегі Еңбек партиясының құрылған күніне орай ұшырылатынын айтады.

Вашингтон Солтүстік Кореяның ядролық қару мен баллистикалық зымыран иемденуге ұмтылуы әлемдік қауіпсіздікке, оның ішінде АҚШ-тың одақтастары Жапония мен Оңтүстік Кореяға қауіп төндіреді дейді.

XS
SM
MD
LG