Accessibility links

Путин Сирияға әскери көмекті қолдады


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Путиннің айтуынша, «Ислам мемлекеті» экстермистік тобын Сирия билігінің көмегінсіз жеңу мүмкін емес.

Тәжікстандағы кездесуде сөз сөйлеген Путин Ресей Сирия билігіне көмек ретінде «әскер жіберуді жалғастыра беретінін» айтты.

Сонымен бірге ол «Сирия билігінің шабуылынан кейін елден кеткен босқындар саны көбейді» деген ақпаратты жоққа шығаратынын да мәлімдеді.

14 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік департаменті мен Пентагон «Ресей Сирияның Латакия провинциясы маңында әскери база салып жатуы мүмкін» деп мәлімдеген еді.

Ал 15 қыркүйекте Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сириядағы мәселені шешу үшін Мәскеу мен Вашингтон келіссөз жүргізуі керектігін айтқан.

XS
SM
MD
LG