Accessibility links

2016 жылдан стипендия мен жәрдемақы көбейеді


Қазақстан теңгесі. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан теңгесі. (Көрнекі сурет.)

Қазақстанда 2016 жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақылар мен стипендия 25 пайызға көбейеді деп хабарлады қаржы министрлігі.

Мүгедектер мен асыраушысы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру үшін бюджеттен 48,7 миллиард теңге, стипендияларды өсіруге – 16,6 миллиард теңге бөлінбекші.

Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, 2016 жылға арналған республикалық бюджет шығысы 7 триллион 318,9 миллиард теңге көлемінде жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG