Accessibility links

"Астана ЭКСПО-2017" тергеуі аяқталды


EXPO-2017 көрмесінің логотипі. (Көрнекі сурет)
EXPO-2017 көрмесінің логотипі. (Көрнекі сурет)

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясындағы қаржы жымқыру ісіне қатысты тергеу аяқталды деп хабарлады бүгін Астанада мемлекеттік қызмет істері және коррупцияға қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Оның сөзінше, бұл істе 24 адам тергеуге алынған, жымқырылған қаржы көлемі 10 миллиард теңгеден (қазіргі бағамы бойынша 35 миллион АҚШ доллары) асады. Тергеу деректері бойынша, "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев 4,2 миллиард теңгені (шамамен 15 миллион доллар) жымқырған.

Талғат Ермегияев 12 шілдеден бері үйқамақта отыр. Ол заңсыз сыйақы алған және мемлекет мүлкін иеленіп, жымқырған деген күдікке ілінген.

Ермегияевтан өзге компанияның құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов пен компанияның құрылыс бойынша басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев та үйқамақта отыр.

XS
SM
MD
LG