Бүгін Атырауда "Маңғыстаудағы туристік аймақтардың топонимикасына тарихи оқиғалар мен аңыздардың әсері" деп аталатын халықаралық ғылыми-конференция басталды.
Екі күндік конференцияға Каспий жағалауындағы елдер - Ресей, Қазақстан, Иран, Әзербайжан, Түркіменстан және Түркияның елшілік қызметкерлері мен ғалымдары қатысып жатыр.
Конференция барысында Маңғыстау жерлерінің атаулары туралы баяндамалар оқылып, тарихи зерттеу жұмыстарының қорытындысы шығады.
17 қыркүйекте конференцияға қатысушылар Маңғыстаудағы тарихи орындарды аралап көреді.