Алматы қалалық сотында оппозициялық Қазақстан коммунистік партиясының ауданаралық экономикалық соттың партияны жабу туралы шешіміне берген апелляциялық шағымы қаралып жатыр.
Партия өкілдері сот партияны жабу туралы шешім шығаруға негіз болған барлық құжатты қайта қарау туралы өтінішті қайтарып тастаған соң судьяға қарсылық білдірген. Бұдан соң апелляциялық шағымды қарау судьяға қарсылық танытуға қатысты шешім қабылданғанға дейін тоқтады.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қазақстан коммунистік партиясын жабу шешімін тамыздың басында шығарған. Қазақстан коммунистік партиясы әділет министрлігінің партия мүшелері санының Компартияның өзі ұсынған тізімге сай келмейді деген мәлімдемесі негізінде жабылған.