Accessibility links

"Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы" басшысы ұсталды


"Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы" төрағасының бірінші орынбасары Саидумар Хусайни.
"Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы" төрағасының бірінші орынбасары Саидумар Хусайни.

Душанбеде "Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы" (ТИҚП) төрағасының бірінші орынбасары Саидумар Хусайни ұсталды.

Партия төрағасының орынбасары Махмадәли Хаиттың Азаттыққа хабарлауынша, Хусайни Душанбенің халықаралық әуежайында Алматыға ұшайын деп тұрғанда ұсталған. Хаит әзірге ешкім өзіне не себепті ұсталғанын айтпағанын, қазір Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысында қамауда отырғанын хабарлаған.

Тәжікстан әділет министрлігі өткен айда елдегі жалғыз діни саяси партия - ТИҚП қызметіне тыйым салып, 7 қыркүйекке дейін қызметін тоқтатуға мұрсат берген. Саидумар Хусайни ол кезде партия қызметін "тек жоғарғы сот қана тоқтата алатынын" айтып, министрлік шешімін "партия қызметін толық тоқтату туралы қоқан-лоқы" деп атаған.

Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы Тәжікстанда 1992-1997 жылдардағы азамат соғысында маңызды рөл атқарған. Соғыстан ондаған мың адам қаза тауып, миллионға тарта адам үй-күйсіз қалған.

Партия өкілдері 15 жыл бойы парламентке сайланып, биыл наурыз айында өткен соңғы парламент сайлауында жеңілген.

XS
SM
MD
LG