Accessibility links

Астанада бас прокуратурада наразы әйел ұсталды


Полицияның Кенжеғайша Рахымбаеваны ұстамақ болған сәті. Астана, 16 қыркүйек 2015 жыл.
Полицияның Кенжеғайша Рахымбаеваны ұстамақ болған сәті. Астана, 16 қыркүйек 2015 жыл.

Астанада бүгін бас прокуратура алдында наразылық танытып өзін ғимарат қоршауына таңып тастамақ болған Семей тұрғыны Кенжеғайша Рахымбаеваны полиция ұстады.

62 жастағы семейлік тұрғынның айтуынша, ол Астанаға бір апта бұрын бас прокурор Асхат Дауылбаевпен кездесу үшін келген. Рахымбаева 2011 жылдың сәуірінде ұлы Берік Рахымбаевтың қалтасына "есірткі салып жіберіп", 11 жылға жуық бас бостандығынан айыру жазасы кесілгенін айтады.

- Төрт жарым жыл бойы ұлымның кінәсіз екенін, істің қолдан жасалғанын дәлелдеуге тырысып келемін. Бармаған жерім жоқ. Ол түнгі клубта туған күнін атап өтіп шыққанда қалтасына біреулер есірткі салып жіберген. Кейін куәгерлер интернетте ұлыма жала жабу үшін өздеріне ақша төлегенін айтты, - дейді Кенжеғайша Рахымбаева.

Прокуратура алдында журналистерге сұхбат берген соң Рахымбаева қолына кісен салып, прокуратура қоршауына өзін таңып тастамақ болған. Бірақ оны полиция ұстап әкетті. Полиция оны Есіл аудандық ішкі істер бөліміне апарған.

XS
SM
MD
LG