Accessibility links

Шведова жылдың қорытынды жарысына қатысады


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен австралиялық теннисші Кейси Деллаква жыл соңында Сингапурде өтетін "Жылдың қорытынды жарысына" жолдама алды.

"Роллан Гаррос" пен US Open жарысының финалына шыққан екі теннисші Сингапурде жұптық бәсеке бойынша жарысқа қатысады.

26 қазан - 2 қараша аралығында өтетін жарысқа жыл бойы ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз жұп теннисші ғана қатысады. Жарыстың жүлде қоры - жеті миллион долларды құрайды.

Шведова/Деллаква жұбы қазір әлемдік рейтингте төртінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG