Accessibility links

Тұрсыновтың "Жат" фильмі Торонтода көрсетілді


Режиссер Ермек Тұрсынов Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. Алматы, 20 сәуір 2012 жыл.
Режиссер Ермек Тұрсынов Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. Алматы, 20 сәуір 2012 жыл.

Канаданың Торонто қаласындағы Contemporary world cinema кинофестивалінде қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмінің премьерасы өтті.

Тұрсыновтың бұдан 25 жыл бұрын жазған дипломдық жұмысы бойынша түсірілген фильмнің сюжеті 1930 жылы аштық кезінде тауға кетіп, сонда өмір сүруге қалған адам туралы шынайы оқиғаға құрылған.

Алматы облысындағы таулы аймақта түсірілген филмьді режиссер 2014 жылы қарашада аяқтаған.

Халықаралық Торонто кинофестивалі 1976 жылдан бері жыл сайын қыркүйекте өткізіліп келеді.

XS
SM
MD
LG