Хорватия полициясы бүгін кешелі бері елге 5 мың 650 мигрант кіргенін хабарлады. 16 қыркүйекте Венгрия Сербиямен шекарасын жапқан соң мигранттар Балқан түбегіне Хорватия арқылы жетуді ұйғарған.
Хорватия полициясының мәліметінше, мигранттар елге шекарадағы бірнеше бақылау бекеті арқылы кіргізіліп жатыр. Мигранттар шекарада тіркелген соң Хорватия астанасы Загребтегі қабылдау орталықтарына жеткізіліп жатыр. Хорватия билігі әзірге ондаған мың емес, бірнеше мың ғана мигрантты тіркеп, қабылдай алатын мүмкіндігі барын айтады.
Хорватия ішкі істер министрі Ранко Остоичтің айтуынша, егер мигранттар саны арта берсе жаңа шаралар қабылдануы мүмкін.
Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Венгрия полициясы 16 қыркүйекте Сербиямен шекарада тікенек сым темір қоршауды бұзып өтіп, елге кірмек болған жүздеген мигрантқа қарсы су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданғанын айыптаған.