Accessibility links

Ресей Украина санкциясының салдарын "сараламақ"


Ресей премьер-миинстрінің орынбасары Аркадий Дворкович.
Ресей премьер-миинстрінің орынбасары Аркадий Дворкович.

Мәскеу Украина салған жаңа санкциялардың ықтимал салдары қандай боларын "талдап, екшеуден өткізбек". Бұл туралы Ресей премьер-министрінің орынбасары Аркадий Дворкович 17 қыркүйекте "РИА Новости" агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Украина 16 қыркүйекте елдің оңтүстігіндегі ресейшіл сепаратистердің "заңсыз сайлау" белгілегеніне жауап ретінде 400 азамат пен 90 заңды тұлғаға санкция салған. Донецк облысындағы сепаратистер жетекшісі Александр Захарченко 18 қазанда жергілікті органдарға сайлау өткізу туралы бұйрық шығарған.

Украина президенті Петр Порошенко сепаратистердің әрекеті ақпанда Минскіде жасалған бейбіт келісімге қауіп төндіреді деп мәлімдеген. Ал Украинаның өзінде жергілікті органдарға сайлау 25 қазанда өтпек.

Минск келісімі бойынша, сепаратистер бақылауындағы аудандарда жергілікті органдарға сайлау Украинаның қалған аймақтарымен бір уақытта өтуі тиіс.

Украина президентінің ресми сайтындағы санкция салынған адамдар тізімінде Ресей парламентінің депутаттары мен сепаратистер жетекшілері бар. Ал заңды тұлғалар тізіміне ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы, "Kaspersky Lab" компаниясы, "Газпромбанк" пен "Мәскеу банкі" енгізілген.

XS
SM
MD
LG