Accessibility links

Душанбе: Назарзоданың ТИҚП-пен байланысы бар


Абдухалим Назарзода.
Абдухалим Назарзода.

Тәжікстан билігі қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, бүлік шығарып қаза тапқан генерал Абдухалим Назарзоданы тыйым салынған "Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясымен" (ТИҚП) байланысы бар деп мәлімдеді.

17 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде Тәжікстан бас прокуратурасы Назарзода мен оның жақтастарын шабуылды ТИҚП жетекшісі Мухидден Кабиридің тапсырмасымен жасады деп айыптайды. Прокуратура бұған қоса ТИҚП-тың бірнеше жетекшісі мен белсендісі "20 заңсыз топқа" қатысы бар деген күдікпен қамалғанын айтады.

Өткен айда Тәжікстан әділет министрлігі партияны "мүшелері саны жеткіліксіз" деп, қызметін тоқтатуға шешім шығарған.

Тәжік билігі Назарзода мен оның қарулы тобын қыркүйектің 4-і күні Душанбедегі полиция бөлімі мен қала маңындағы қару-жарақ қоймасына шабуыл жасады деп айыптайды. Ол шабуылдардан 26 адам, оның ішінде 9 полицей мен 16 бүлікші мерт болған. Бұдан соң Назарзода тобы Душанбеден 130 километр жердегі Ромит шатқалына барып бекініп, арнайы операция нәтижесінде 16 қыркүйекте Назарзоданың көзі жойылғаны хабарланған. Құқық қорғау органдары 4 қыркүйекте арнайы операция бастағаннан бері топтың 100-ден аса мүшесі ұсталып, 20-дан астамының көзі жойылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG