Румыния премьер-министрі Виктор Понтаға ресми түрде коррупцияға қатысты бірнеше айып, оның ішінде "салықтан жалтарды", "қаржы жымқырды" деген айыптар тағылды.
42 жастағы Понта шілде айында бұл коррупциялық істе айыпталушыға айналған. Понта бұған дейін бірнеше рет айыпты жоққа шығарып, прокуратура "қоғамдық пікірді манипуляция жасап отыр" деп мәлімдеген. Ол отставкаға кету туралы ұсыныстан да бас тартып, парламент сайлауы өтетін 2016 жылдың желтоқсанына дейін қызметінде қала бергісі келетінін айтқан.
Прокуратура ресми айып таққан соң қылмыстық істі тергеу аяқталып, ол Румыния жоғарғы сотына жіберіледі. Виктор Понта әзірге ресми айыпқа қатысты пікір білдірген жоқ.
Маусым айында басталған қылмыстық тергеу Понтаның премьер-министр болғанға дейін адвокат болып істегендегі қызметіне қатысты жүріп жатыр.