Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 270 теңге 69 тиынды құрап, кешегі бағамнан 0,58 теңгеге қымбаттаған.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар құны 271-272 теңге болып тұр.
Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.
16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.