Accessibility links

Қазақстаннан екі эквадорлық азамат шығарылды


Эквадорлық музыканттар көшеде өнер көрсетіп тұр. Алматы, 24 маусым 2015 жыл.
Эквадорлық музыканттар көшеде өнер көрсетіп тұр. Алматы, 24 маусым 2015 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Эквадордың екі азаматы Қазақстан аумағынан шығарылған. Этникалық кечуа ұлтына жататын екі музыкант Петропавлда көшеде концерт қойып, өз дискілерін сатқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

ІІД-нің хабарлауынша, эквадорлық азаматтар Қазақстанға тек қонақ ретінде кіруге ғана рұқсат алған.

Альберто Маралис Чиса және Эрнесто Агилар Петропавл қаласына тамыз айында келген. Полиция Қазақстанда «заңсыз сауда жүргізді» деген айып тағып, оларға 25 айлық есептік көрсеткіш есебінде (шамамен 180 доллар) айыппұл салған.

XS
SM
MD
LG