Accessibility links

Грузияда оппозиция жетекшісі қамаудан босатылды


Грузия оппозициясы жетекшілерінің бірі, Тбилисидің бұрынғы мэрі Гиги Угулава.
Грузия оппозициясы жетекшілерінің бірі, Тбилисидің бұрынғы мэрі Гиги Угулава.

Тбилиси соты оппозициялық Біріккен ұлттық қозғалыс партиясы жетекшілерінің бірі Гиги Угулаваны қамаудан босатты. 16 қыркүйекте Грузия жоғарғы соты оппозиционердің қамауға алынуы заңсыз деген шешім шығарған.

Тбилисидің бұрынғы мэрі Гиги Угулава тергеу уақытында қамауда 14 ай отырғанымен, бірнеше іс бойынша тағылған "қаржы жымқырды", "мемлекет қаржысын дұрыс жұмсамады" деген айыптары әлі алынған жоқ. Оппозиция қылмыстық істің саяси астары бар деп санайды.

"Грузия арманы" коалициясы үш бұрын парламент бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің партиясын жеңіп, билікке келгелі ондаған экс-шенеунік, оның ішінде бұрынғы премьер-министр қызметін теріс мақсатта пайдалану, коррупция сияқты айыптармен қамалған.

Батыс елдері Грузия үкіметін бәсекелестерін саяси қуғындап жатыр деп айыптайды. Бірақ ресми Тбилиси мұны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG