Accessibility links

Ресейде құқық қорғаушы қамауға алынды


Ресейдегі "Азаматтық құқық комитеті" жетекшісінің орынбасары Андрей Маяков.
Ресейдегі "Азаматтық құқық комитеті" жетекшісінің орынбасары Андрей Маяков.

Мәскеу соты "Азаматтық құқық комитеті" басшысының орынбасары Андрей Маяковты "пара алды" деген айыппен екі ай мерзімге қамауға алуға шешім шығарды.

Тергеу мәліметі бойынша, Маяков бір қылмыстық іс бойынша айыпталушыдан "прокурормен келісіп, істі пайдасына шешіп беру үшін 13 мың 700 АҚШ доллары көлемінде пара алған".

"Маяковтың прокуратурамен ешқандай таныстығығы, я қылмыстық іс бойынша шығатын шешімге әсер ететіндей ықпалы жоқ" дейді Ресей тергеу комитетінің баспасөз хатшысы Владимир Маркин.

Құқық қорғаушылар Маяковқа қарсы істі "қолдан жасалған" деп санайды. "Бұл істің арандатушылық екеніне ешқандай күмәнім жоқ" деп жазды оппозиция жетекшісі Алексей Навальный Twitter-де.

XS
SM
MD
LG