Accessibility links

Грузияда оппозиция лидері 4,5 жылға сотталды


Конституциялық сот айыпталушыны тоғыз айдан аса уақыт алдын ала қамауда ұстауды заңсыз деп тапқан соң, Гиги Угулава (ортада) бостандыққа шыққан еді. Тбилиси, Грузия, 17 қыркүйек 2015 жыл.
Конституциялық сот айыпталушыны тоғыз айдан аса уақыт алдын ала қамауда ұстауды заңсыз деп тапқан соң, Гиги Угулава (ортада) бостандыққа шыққан еді. Тбилиси, Грузия, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Тбилиси қалалық соты сенбі күні соның қарсаңында ғана абақтыдан босап шыққан оппозициялық саясаткер Гиги Угулаваны 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Рақымшылыққа ілінгендіктен Угулуава бұл жазаның жартысын – төрт жыл алты айды түрмеде өтеуі тиіс. Сот оны Тбилиси қаласы мэрі болып тұрған кезде 5 миллион лари бюджет ақшасын талан-таражға салғаны үшін айыпты деп таныған.

Сот үкіміне сәйкес, Угулаваға жазасын өтеп шыққан соң 6 ай бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынады. Судья үкімді оқығанда Угулава мен оның адвокаттары сотқа қатыспаған.

Сот процесі жұма күні жергілікті уақытпен сағат 12:00-ден бастап күні бойы жүрген. Судья айыпкердің адвокаттарының сот отырысын бір аптаға шегеру туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Сонымен бірге, Гиги Угулава сот процесіндегі соңғы сөзін айту құқығын пайдаланбаған. «Грузия онлайн» порталының хабарлауынша, сот қылмыстық істе Угулавамен бірге айып тағылған бұрынғы қорғаныс министрі Давид Кезерашвилиді ақтаған.

Бұған дейін Грузия Конституциялық соты айыпталушы адамды тоғыз айдан аса уақыт алдын ала қамауда ұстауды заңсыз деп тапқан соң, Гиги Угулава қыркүйектің 17-і күні тергеу абақтысынан бостандыққа шыққан еді.

XS
SM
MD
LG